USD
USD
USD

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Қаржылық мониторинг агенттігі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы бас директоры М.Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Тергеу қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілді, бұл мемлекетке аса ірі залал түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырды.

Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында АМӨЗ қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деп күдіктелуде.

М.А.Мұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

«Бізде бай депутаттар көп емес»: Айдос Сарым әріптестерінің әл-ауқаты туралы айтты

Айдос Сарым

«Суды ысырап етуге жол бермеу керек»: Тоқаев су тапшылығына қатысты талап қойды

көлік жуу

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Кредит

​Байлар көбірек салық төлеуі мүмкін: Президент жаңа ұсыныс айтты

Квазимемлекеттік сектор