USD
USD
USD

Атырау бөгеттерінде қауіпсіздік күшейтілді

Атыраудың тасқын су басқан аймақтарында желдің тұруына байланысты бөгеттерде қауіпсіздік күшейтілді, деп хабарлайды облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы.

су
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Астана. NEGE. "Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, Махамбет, Индер аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан қатты жел соғып жатыр. Желдің көтерілу жылдамдығы секундына 6-11 метрге дейін жетуі ықтимал.

Сондай ақ, Атырау қаласында жел күшеюде. Желдің соғуы секундына 7-12 м жылдамдыққа дейін жетеді деп күтілуде.


Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Махамбет, Индер аудандары, Атырау қаласында бөгет бойындағы белгіленген учаскелерде кезекшілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетелік, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі Индер ауданында - 896 см (шекті деңгейі - 845 см), Махамбет ауданында 993 см (шекті деңгейі - 850 см), Атырау қаласында 592 см ( шекті деңгейі - 550 см) болды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі