USD
USD
USD

«Атырау-Астрахань» жол жобасының құрылысы аяқталды

«ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық «Атырау-РФ шекарасы» жолының 272 шақырымында жұмыстардың аяқталғанын хабарлады.

ҚазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол

Алматы, NEGE. Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінде жүзеге асырылды. Халықаралық стандарттарға сәйкес жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталды. Оны жүзеге асыруға Қазақстан, Италия, Түркия мен Әзербайжан елдерінің компаниялары қатысты.

Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жол үшінші техникалық санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Әр бағытта ені 3,75 метрден тұратын екі жолақ бар. Жолдың бойында 6 көпір, 1 жолөтпе, 60 су өткізгіш құбыр салынып, 10 демалыс алаңы абаттандырылды.

Осы уақытта дейін бұл учаске арқылы жол жүру уақыты 5 сағат болса, ал қазір бүкіл маршрутты жүріп өту үшін 2 сағат кетеді. 

Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғарғы 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен