USD
USD
USD

Атырау әкімі Шәкір Кейкинді жиын алдында ҰҚК қызметкерлері алып кеткен

Бүгін, 2 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері қала әкімі Шәкір Кейкинді облыс әкімдігі ғимаратынан кеңес басталар алдында алып кеткен.

Шәкір Кейкін
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

Шенеунік қылмыстық іс аясында жауап алуға жеткізілді. Тергеудің мән-жайы мен әкімнің процессуалдық мәртебесі әзірге белгісіз.

Жауап алынған соң Шәкір Кейкин үйіне жіберілген.

30 мамырда Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов ұсталған болатын. Іс материалдарында 40 миллион теңге көлеміндегі сома және екінші күдікті ретінде «Қалалық тұрғын үйлерді коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бас директорының орынбасары Бейбіт Мағзұмовтың көрсетілгені мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Пашинян Армениядағы парламенттік сайлауда өз партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді

Пашинян

Қазақстанда интернет неге дұрыс істемей қалды?

.

57 жастағы әуесқой ұшқыш өзі құрастырған ұшақпен апатқа ұшырады

.

Арменияда парламент сайлауы басталды

.