USD
USD
USD

Аты шулы қылмыстардың құпиясы туралы кітап жарық көрді

Қазақстандағы аты шулы қылмыстардың құпиясы туралы кітап жарық көрді. Ол «Вне протокола» («Хаттамадан тыс») деп аталады және авторы белгілі журналист Асқар Жалдинов.

Аты шулы қылмыстардың құпиясы туралы кітап жарық көрді
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Кітапта түрлі кезеңдегі ондаған қылмыстық тарихтар жиналған: революциялық жылдардағы қылмыстардан бастап қазіргі Қазақстандағы жантүршігерлік қылмыстарға дейін. Автор оқырманға қабылдау оңай болу үшін анализді, статистикалық деректер мен мұрағат материалдарын қолдана отырып, ең қорқынышты және резонанс тудырған істердің өзіндік жинағын жасаған. Республикадағы ІІМ мен соттардағы мұрағаттардан жүздеген қылмыстық іс материалдарын зерттеп, олардың әрқайсысының мәнін ашуға тырысқан. Эпизодтардың бір бөлігі қылмыстарды ашу бойынша шұғыл-тергеу топтарының құрамында болған бұрынғы және қазіргі полиция қызметкерлерінің естеліктері бойынша жазылған. Күні бүгінге дейін белгісіз деректер мен түсініктемелерге негізделген авторлық имтерпретация кітапты журналисттік зерттеуде бірегей етіп тұр.
«Бұл кітаптың электронды нұсқасын кәсіби қызығушылықпен оқып шықтым, енді қолыма типографиялық бояуы кеуіп үлгермеген жаңа ғана жарық көрген кітаптың тигеніне қуаныштымын. Асқар Жалдиновтың кандидатурасы біздің шығармашылық ұйым басқармасының отрысында «Журналисттік зерттеу» аталымында Журналистер одағы сыйлығына ұсынылғанын хабарлауыма болады. Біздің марапат – қазіргі қазақстандық журналистикада оның еңбегінің қоғамдық мойындалуы», - деді Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев.
«Вне протокола. Тайны громких преступлений в Казахстане» кітабы 608 беттен тұрады, ол павлодарлық «Дом печати» үйінде басылып шыққан және сатылымға шыққалы отыр.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту