Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аты аңызға айналған промоутер қайтыс болды

Даниялық атақты промоутер, мачтмейкер әрі менеджер Могенс Палле 88 жасында көз жұмды. vRINGe.com мәліметінше, функционер ұзақ уақыт қатерлі ісікпен күресіп келді.

Аты аңызға айналған промоутер қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Палле промоутер карьерасын 1957 жылы әкесімен бірге бастаған. 1964 жылдан бастап ісін жеке жүргізді де, Том Богс және Борье Крог сияқты әйгілі әуесқйойлармен келісімшартқа отырды. 

Палле угандалық Аюб Калуленің де ісін жүргізген. Ол Майк Маккаллум мен Рэй Леонард сияқты аңыздармен жұдырықтасқан.

Сондай-ақ, промоутермен ағайынды Бредаль, Бо Якобсен, Андерс Эклунд, Брайан Нильсен, Томас Дамгаард, Мадс Ларсен, Руди Маркуссен және Миккель Кесслер сияқты атақты боксшылар бірге жұмыс істеген.

Егде жасы мен ауыр науқасына қарамастан, Палле промоутер карьерасын тек биыл 22 сәуір Копенгагенде өткен бокс кешінен кейін ғана тоқтатты.

2008 жылы Могенс Палленің аты Бокс даңқының халықаралық залына жазылды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық