Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аты аңызға айналған "Паровоз-апа" өмірден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері Алтынай Есболатова 99 жасында өмірден озды.

Аты аңызға айналған "Паровоз-апа" өмірден өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол бүкіл елді паравозбен аралап шыққандықтан, Паровоз-апа деген лақап атқа ие болған.

Алтынай Есболатова соңғы бірнеше жылда Алматы облысындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз әйел ардагер болды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның отбасына көңіл айтты.

Майданға Алтынай Есболатова 19 жасында машинист-көмекші курсын бітіргеннен кейін барған. Ол Сталинградқа қару-жарақ, техника, өнімдер жіберілген паровозды басқарған. Әйел Украина, Беларусь, Латвия, Литва, Польша арқылы өтетін жолда пойыздың жиі бомбаланғаны туралы естеліктерімен де бөліскен еді.

9 мамырда Алтынай апаны Франкфуртте қарсы алып, үйіне, Алматы облысына 1946 жылы ғана оралған. Онда ол теміржолда жұмыс істеуді жалғастырды.

Ерлігі мен батылдығы үшін Алтынай Есболатова біраз марапаттарға ие болды, оның ішінде І дәрежелі Отан соғысы ордені, "Сталинградты қорғағаны үшін", "Қырымды азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарын иемденген.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева: Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі жоғары

Аида Балаева

Құрылтай депуттарын сайлауда ел тұрғындарының 17,96 %-ы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Ерлан Қарин