USD
USD
USD

Атбасардағы өрттен 3 адам ажал құшты

Атбасарда шыққан өрттен екі ересек адам мен бала ажал құшты, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Атбасардағы өрттен 3 адам ажал құшты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ақпанның 11-де кешкілік уақыт 21:54-те Атбасар қаласындағы 4-ші өрт сөндіру құтқару бөліміне Покровка селолық округінің әкімі хабарласып, ауылдағы тұрғын үйде өрт болғанын айтқан. Сағат 21.55-те оқиға орнына Атбасар қаласындағы 4-ші өрт сөндіру құтқару бөлімінің жеке құрамынан 8 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жөнелтілді. Сағат 22.30-да оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаудың 150 шаршы метр аумақты шарпығанын анықтады. Өртті сөндіру кезінде өртенген пәтердің ішінен шамамен 1973 жəне 1978 жылғы екі ересек адам мен 2016 жылғы баланың мүрдесі табылды» - делінген сәрсенбідегі хабарда.

Департаментте нақтыланғандай, өрт 23.28-де ауыздықталып, 00.20-да толық сөндірілген.

«Өрт себебі анықталуда. Өрт дерегі бойынша «ӨСжАҚҚ» ММ департаментінің өрт сынағы зертханасының өрт-техникалық зерттеу тағайындалған», - деп жазылған хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы