USD
USD
USD

АТБ банкінен 3 миллиард рубль дивиденд. Назарбаев НЕГЕ инвестициясын қайтара бастады?

Зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі ресейлік Азия-Тынық мұхиты банкі арнайы дивиденд шотындағы соманы 3 миллиард рубльге жеткізді. Бұл банктің биылғы бірінші жартыжылдықта тапқан таза пайдасының жартысына тең. Демек, енді банк таза пайдасының 50 пайызын қожайыны алып отырмақ.

АТБ
Фото: NEGE

Осы тамызда NEGE «АТБ Банкі» акционері – қазақстандық «Pioneer Capital Invest» компаниясы дивиденд мәселесін келесі жылы қарастыруы мүмкін деп болжаған еді. Ол компанияға Назарбаевтың жеке қоры иелік етеді. Ресей Орталық банкінің ашық деректері акционердің жыл аяғын күтпегенін көрсетіп отыр.

АТБ маусымда 1,43 миллиард рубль дивиденд есептеген, қыркүйекте оған тағы 1,62 миллиард қосқан.

Бірақ Орталық Банк статистикасы осы ақшаның қаншасы акционердің шотына түскенін және қаншасы Қазақстанға жеткенін ашып көрсетпейді.

АТБ
Фото: АТБ банкінің 2026 жылғы 9 ай бойынша есебінен

2026 жылдың тоғыз айында АТБ банкі 8,98 миллиард рубль таза пайда тапты. Былтыр осы уақытта банктің таза кірісі 12,15 миллиард рубль болғанын ескерсек, пайданың 26 пайызға кемігенін байқаймыз.

Мұның себебін шығындардан көруге болады. АТБ тоғыз айда 36,42 миллиард рубль пайыздық кіріс алған. Былтырғы көрсеткіш бұдан сәл жоғары, 36,87 миллиард рубль болатын. Есесіне, банк тартқан қаражаты үшін бұрынғыдан 4,59 миллиард рубль аз төлеген. Таза пайыздық табысты өсірген де осы үнем. Бірақ сол аралықта банктің операциялық шығыны 12,84 миллиардтан 18,71 миллиард рубльге артып кеткен.

АТБ
Фото: NEGE

Тамызда NEGE Азия-Тынық мұхиты банкінің жартыжылдық қорытындысын талдағанда резерв пен салыққа назар аударған еді. Тоғыз айда несиелер бойынша резервке кеткен шығын былтырғы 3,45 миллиардтан 3,65 миллиард рубльге өскен. Айырмасы шамамен 200 миллион рубль болып отыр. Пайда салығы бойынша шығын да 1,66 миллиардтан 2,39 миллиард рубльге дейін ұлғайды.

Алайда есептегі ең үлкен айырманы операциялық шығынның 46 пайызға өсуі беріп отыр. Банк не себептен бір жылда операциялық шығынды бір жарым есеге көбейткені түсініксіз. Қаржылық есептілік оның себебін бермейді. Бірақ әңгіме жаңа бөлімшелердің ашылуына қатысты деп тұспалдап отырмыз.

АТБ
Фото: NEGE

Назарбаевқа тиесілі құрылым АТБ банкін 2021 жылы Ресей Орталық банкі өткізген аукционнан 14 миллиард рубльге сатып алған еді.

Банк капиталы мен үлестірілмеген кіріс сомасына қарап, инвестиция өзін ақтағанын, тек қожайынның барлық инвестицияны банктен бірден шығарып алуға асықпай отырғанын байқауға болады.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Жезқазғандағы 20 жыл бұрынғы атышулы кісі өлтіру ісіне күдікті ұсталды

Витта Махмаханов

«Барселонадан» төрт гол өткізіп алған Покатиловтың ойыны қалай бағаланды?

Стас Покатилов

«Лукойлдың» Қазақстандағы активтері америкалық миллиардерге сатылмақ

Лукойл

Алаяқтық және параға сатып алу: «Қазақмыс» үш қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады

Қазақмыс