USD
USD
USD

Атаулы әлеуметтік көмек жаңа әдіспен тағайындалады

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде заң бұзу фактілерін болдырмау үшін бүкіл процесс орталықтандырылған форматқа ауыстырылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

Атаулы әлеуметтік көмек жаңа әдіспен тағайындалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Серік Шәпкеновтің мәліметі бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 198,4 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 7,4% жоғары.

«Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 517,2 мың балаға кепілдік берілген әлеуметтік топтама берілді. Оның ішінде 259,4 мың мектеп жасына дейінгі бала, 257,8 мың мектеп жасындағы бала бар. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама төлеуге 20,5 млрд теңге қарастырылған. АӘК алушылар санының өсуіне байланысты 2021 жылы министрлік қызметкерлері АӘК тағайындауға көшпелі мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жекелеген өңірлерде заң бұзу фактілер анықталды. Бұл көмек алушылардың өсуіне әкелді. Мысалы, Шымкентте 2021 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар санының өсуі 28,5% болды», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, мұндай фактілер қайталанбауы керек.

«Ол үшін биыл төлемдерді АӘК тетігінің ашықтығын қамтамасыз ететін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы орталықтандыру жұмыстары басталды», – деді Серік Шәпкенов.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай