USD
USD
USD

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға тегін дәрі-дәрмек үлестірілуде

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары таратыла бастады.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға тегін дәрі-дәрмек үлестірілуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.

Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.

Дәрі-дәрмек қобдишалары Шымкент қаласы бойынша «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде таратылуда. Тізім бойынша жалпы 30962 отбасыға қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек