USD
USD
USD

«Атамұра» кітапханаға кітап сыйлады

ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Атамұра» корпорациясының Ұлттық кітапхана қорына құнды 1000 кітабын сыйға тарту рәсімі өтті.

«Атамұра» кітапханаға кітап сыйлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінге дейін «Атамұра» корпорациясы «Атырау», «Қарағанды», «Маңғыстау», «Ақмола», «Астана» сынды аймақтық энциклопедиялармен бірге белгілі қазақ ғалымдарының, қоғам қайраткерлерінің еңбектерін сапалы шығаруы отандық кітап мәдениетінің ірі жетістігіне айналды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ және орыс тілдеріндегі «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Бейбітшілік кіндігі», «Еуразия жүрегінде» атты кітаптары, «Атамұра» кітапханасы» сериясымен 150-дан астам ақын-жазушылардың туындылары, сонымен қатар балалар әдебиетін қолдау, насихаттау мақсатында «Атамұра» мектеп кітапханасы» сериясымен бүлдіршіндерге арналған қазақ және орыс тілдеріндегі көркем безендірілген кітаптар, ертегілер, мектеп жасындағы балаларға арналған танымдық кітапшалар басылып шықты.

Ұлттық кітапхана қорына арнайы сый-сияпат әкеліп отырған «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед кітапхана ұжымына жемісті еңбек пен табыс тіледі. «Атамұра» сыйға тартқан кітаптардың бәрі дерлік оқырман іздеп оқитын, сұраныстағы өнімдер.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды