Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атамқұлов жылу беру маусымын қорытындылады

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020-2021 жылғы жылу беру маусымының қорытындылары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың алдағы қысқа дайындық барысы туралы баяндады.

Атамқұлов жылу беру маусымын қорытындылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020-2021 жылғы жылу беру маусымы тұрақты өтті. Көмір тапшылығы болған жоқ. Көмірмен қамтамасыз ету министрліктің тұрақты бақылауында болды және толық қамтылды.

Маусым қорытындысында көмірді тұтыну көлемі 10 млн тоннаға жетті. Оның 2,8 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық секторға, 7,2 млн тоннасы халыққа жұмсалды. Жылу желілерінде үлкен апаттар болған жоқ. Дегенмен жалпы маусым барысында 121 технологиялық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде автономдық қазандықтарда – 4, жылумен жабдықтау желілерінде – 34, сумен жабдықтау желілерінде – 83.

Олардың ең көбі Алматы (25) және Нұр-Сұлтан (13) қалаларында, Ақмола (13), Шығыс Қазақстан (15) және Қарағанды (19) облыстарында анықталды. Барлық бұзушылықтар нормативтік мерзімде жойылып, жылумен және сумен жабдықтау қалпына келтірілді. Жылу беру маусымының қорытындысында коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың дебиторлық берешегі артты.

Қарыз 15,4 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 600 млн теңгеге ұлғайды. Ең көп дебиторлық берешек: Шымкент қаласы тұтынушыларында – 3 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласында – 2,9 млрд теңге; Алматы қаласында – 2,5 млрд теңге; Қызылорда облысында – 1,2 млрд теңге, Маңғыстау облысында – 1 млрд теңге болды. Өңірлердің әкімдіктеріне борышкерлермен жұмысты күшейту ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау