USD
USD
USD

Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы елшісі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда сайты. 

Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы лауазымынан босатылды.

Мәди Атамқұлов 1974 жылы дүниеге келген.

Білімі – жоғары. Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-металлург, халықаралық қатынастар магистрі.

Бірінші сыныпты кеңесші дипломатиялық рангіне ие.

Мемлекеттік емес секторда түрлі лауазымдар атқарды, Сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, министрліктің Мемлекеттік протокол қызметі Шефінің орынбасары, Мемлекеттік протокол қызметінің Шефі лауазымдарында қызмет етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппарат басшысының орынбасары болды.

Мерейтойлық үш медальмен марапатталған. 

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп