USD
USD
USD

Атамқұлов «Штирлец» пе?

Nege.kz редакциясына түрлі органдардан езуіңе күлкі үйіретін қызық құжаттар жиі келіп тұрады. Жуырда Солтүстік Қазақстандағы тұрақты оқырмандарымыздың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Д.Қоспабаев қол қойған құжатты жолдады.

Атамқұлов «Штирлец» пе?
Фото: NEGE.kz

Д.Қоспабаев

Хат Көліктік бақылау инспекцияларына, ҚР порттарының теңіз әкімшілігіне бағытталыпты. Онда былай дейді:

«2020 жылғы 29 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Р.Мағзумовтың тасымалдаушы кәсіпкерден жалпы қамқорлығы үшін 500000 теңге көлемінде пара алды деген күдікпен жұмыс уақытында жұмыс орнынан тыс жерде ұсталғандығын хабарлаймыз».

Одан әрі көліктік бақылау инспекциясының 8 қызметкері сыбайлас жемқорлық жасағанын, олардың үшеуі көліктік бақылау испекцияларының бірінші басшылары екенін (Алматы қ., Қостанай және Атырау облыстары), тағы бесеуі (Мағзұмовты қоса алғанда) автомобиль көлігіндегі бақылау қызметкерлері екенін айтады.

«Көліктік бақылау инспекциясы басшыларының тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстің тиісті дәрежеде жүргізілмей жатқанын атап өткен» Д.Қоспабаев аумақтық органдарға мынадай тапсырма береді:

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша жұмысты күшейтуді;

3 тамыздан бастап аумақтық органдардың басшылары, орынбасарлары және бөлім басшылары жұмыс уақытында тұрақты негізде жұмыс орнында болуын қамтамасыз етуді;

3 тамыздан бастап аумақтық органдардың басшылары мен орынбасарлары Комитеттің персоналмен жұмыс істеу басқармасына жұмыс уақыты басталғанда ұялы телефондардың геолокациясымен бөлісу функциясы арқылы өздері орналасқан жері туралы мәліметтерді беруді тапсырамын (жұмыс уақытында аталған функция өшірілмеуі керек)».

Жемқорлықтың алдын алу үшін әрекет етіп жатқандары дұрыс-ақ. Қызметкерлердің жұмыс уақытында жұмыста болуын талап ету де құптарлық. Бірақ геолокациямен бөлісу деген не? Осыған байланысты төмендегі анекдот еске түсті:

Күйеуі жеңілтек әйелінің үйде екенін біліп отыру үшін күніне бірнеше мәрте телефоны арқылы геолокациясын жіберуін талап етеді екен. Әйелі ол талапты бұлжытпай орындайды. Бірақ күйеуі жұмыста болғанда әйелі көңілдесімен басқа жерде емес, өз үйінде кездесіп жүргенін аңқау күйеуі білмейтін еді...

Тұрақты оқырманымыздың айтуынша, көлік инспекциясының аймақтық қызметкерлері таңертең жұмысқа келгенде ортақ чатқа геолокациясын көрсетеді екен. Осылайша Комитет басшылары күні бойына қызметкерлерінің басқан ізін аңдып отыратын көрінеді. «Комитет басшыларының бұл тірлігі заңды ма?», – дейді оқырманымыз.

Мұның қаншалықты заңды-заңсыздығын заңгерлерден сұрап білеміз. Бізді қызықтырған басқа мәселе. Комитет төрағасының міндетін атқарушы Д.Қоспабаевқа «геолокациямен бөлісу жемқорлықты тоқтатады» деп кім ақыл айтты? Министр Бейбіт Атамқұлов па?

Егер солай болса, Атамқұлов нағыз «Штирлец» екен. Солай демеске лаж жоқ. Кеңесшілері мен көмекшілері біз мысал еткен анекдотты Атамқұловқа айтып барса артық болмас еді...     

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық