USD
USD
USD

«Атамекен» басшысы қазақстандық компанияларға санкция қаупі бар екенін мойындады

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов қазақстандық компаниялардың санкцияға түсу қаупі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform

«Атамекен» басшысы қазақстандық компанияларға санкция қаупі бар екенін мойындады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанда жұмыс істеп жатқан компаниялардың басым бөлігі технология трансферттеу және экспорттау бағытында жұмыс істеуге дайын деп есептейміз. Бұл жерде бақылау жүйесінің айқын болғаны маңызды. Өкінішке қарай, кейбір мысалдар бар. Ағаш ұнтағынан желімделетін тақтай түрлеріне байланысты, басқа да өндіріспен байланысты мысалдар. Солар санкция талаптарын бұзса керек. Бірақ бұл мәселенің үш жағы бар. Оның ішіне мемлекет тарапынан жасалатын бақылау да жатады. Санкция талаптарын бұзғаны туралы қорытынды жасауға негіз болатын ережелер де маңызды. Сондықтан бізге бақылау жұмысын қатаңдату, бизнес пен өндірістің үлкен бөлігін осында шоғырландыру бойынша жұмыс істеу керек. Сонда бізге қарсы ешқандай уәж айтылмас еді. Әрине, импорт операциялары бар. Қытайдан алып, көрші елдерге, соның ішінде Ресей Федерациясына да экспортталуы мүмкін. Бірақ бұл жерде мәселенің екі ұшы бар. Бақылау және бизнеспен жұмыс», - деді Райымбек Баталов «Қазақстандық құрам 2.0» халықаралық форумында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

«Атамекен» басшысы отандық бизнес санкция түспеу үшін түрлі форматтағы кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның пайымынша, кейбір компаниялар ақпараттың жоқтығынан да санкция қатеріне ұшырауы мүмкін.

«Санкцияға көбіне қырғыз компаниялары тап болды. Біздікілер де бар, бірақ аз. Санкция қаупі бар, оны жоққа шығармаймыз, ондай болады. Ұлттық палата бір жағынан, Үкімет екінші жағынан осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Ондай қатерді жоюымыз керек. Бұл тұрғыда елшіліктермен де белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - деді ұлттық палата басшысы.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар