Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Атамбаевтың көмекшісі билікке келді

Қырғызстан Жогорку Кенеші (парламенті) үкіметтің жаңа құрамы мен құрылымын бекітті. Елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі Улукбек Марипов Қырғызстан премьер-министрі атанды, – деп хабарлайды АКИPress.

Атамбаевтың көмекшісі билікке келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 3 ақпанда Жогорку Кенештің депутаттары премьер-министр қызметіне 41 жастағы Улукбек Мариповтің кандидатурасын мақұлдады. Бұған дейін ол Қырғызстан Қаржы министрлігінде, Президент кеңсесінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде, Үкімет кеңсесінде түрлі қызметтерде жұмыс істеген және экс-президент Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі болған.

Сондай-ақ, үкіметтің құрылымы мен құрамы да бекітілді. 

Осылайша, 34 жастағы Артем Новиков бірінші вице-премьер, 46 жастағы Әсел Чынбаева әділет министрі, 61 жастағы Алымқадір Бейшеналиев денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық