USD
USD
USD

Атамбаевты тергеу изоляторына ауыстырады

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторына ауыстырады, деп хабарлады 24.kg.

Атамбаевты тергеу изоляторына ауыстырады
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «МҰҚК менің қорғалушымның жағдайының нашар екенін түсінеді. Оның ауыстырылатыны туралы кеше бұрынғы мемлекет басшысымен кездескенімде белгілі болды. Бүгін оны 1-тергеу изоляторына ауыстырулары керек. №47 түзеу абақтысы жанындағы ауруханаға да ауыстырылуы мүмкін. Басқа істер бойынша тергеу және сот отырыстары әлі аяқталған жоқ. Алмазбек Атамбаевты соңғы іс бойынша үкім күшіне енбейінше басқа абақтыға ауыстырмаулары керек», – деді Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошев.
Адвокаттың пікірінше, мемкомитет Атамбаевтың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті өз мойындарынан алып тастағылары келіп отыр.
Еске салсақ, 23 шілдеде Атамбаев сыбайлас жемқорлық бойынша айыпты деп танылып, 1 жыл екі айға бас бостандығынан айырылған болатын.
30 маусымда белгілі болғандай, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев пневмония белгісімен ауруханаға түскен.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға