USD
USD
USD

Атамбаевты сотқа күштеп апармақ болды

 Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты мәжбүрлеп сотқа жеткізді, деп мәлімдеді оның адвокаты Замир Жоошев әлеуметтік желідегі парақшасында.

 Атамбаевты сотқа күштеп апармақ болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атамбаевты Бішкектің Первомай аудандық сотына жеткізді.

«47-ші колонияның қызметкерлері мәжбүрлеп жейде және іш киіммен камерадан шығарып, конвойларға тапсырған. Олар қар жауып тұрғанда осылай істеуге құқылы ма? Ол үшін сот емес, өзінің өмірі мен денсаулығы маңызды. Сондықтан көліктен шығудан бас тартты. Атамбаевтың денсаулығы нашарлағанын дәрігерлер растады», – деді адвокаты.

Сөйлескеннен кейін Атамбаевты ИК-47-ге қайтарды. Кой-Таш оқиғаларына қатысты сот отырысы оның қатысуынсыз басталды. Адвокаты дәрігерлерге сілтеме жасай отырып, Атамбаев сотқа қатысуға кедергі болатын ауыр сырқатқа щалдыққанын айтты.

Атамбаев 2019 жылдан бері қамауда отыр, оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. 2020 жылы қазан оқиғалары кезінде саясаткер ҰҚК тергеу изоляторынан босатылды, бірақ бір аптадан кейін қайта ұсталды. Кейін қылмыстық істер қайта қарауға жіберілді.

Сот үкіміне сәйкес, саясаткер Азиз Батукаевты босату туралы іс бойынша 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Қазір денсаулығына байланысты Атамбаев №47 колонияда жазасын өтеп жатыр. Адвокаттары Атамбаев инфарктінің аз-ақ алдында тұрғанын алға тартты. Олар емделуі қажет деп мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Ресей, Қытай және АҚШ басшылары бейбітшілік туралы декларация қабылдады

Владимир Путин, Си Цзиньпин, Дональд Трамп

Петропавл жастары ЖИ көмегімен өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жолдарын ұсынды

ЭкоХакатон қатысушылары

Өзбекстандық профессор Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен 10 жылға сотталды

Икболжон Корабоев

«Қоластындағы қызметкерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген»: полиция полковнигіне 6 млн теңгедей айыппұл салынды

Данияр Мейірхан