USD
USD
USD

Атақты музейге ұры түсті

Германияның Дрезден қаласындағы «Алтын қор» музейінен саксон ханшайымының аса құнды әшекей бұйымдары ұрланды. Euronews.com таратқан ақпаратқа сүйенсек, екі ұры музейге баса көктеп кірген. Бейнекамераға түсіп қалған олар бірінші қабаттағы терезенің торкөзін арамен кесіп, витринада тұрған әшекей бұйымдарды қолды еткен.

Атақты музейге ұры түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Артынша қарақшылар жеңіл көлікке мініп ізін суытқан. Полиция бірнеше минутта оқиға орнына жетіп келді. Ұрлық болардың алдында ғана музейге жақын жерде өрт болып, ауданда электр қуаты өшірілген. Полицияның айтуынша, қылмыскерлер осы арқылы тәртіп сақшыларының назарын аударып, музейдегі дабыл жүйесін өшірген болуы мүмкін.

Тарихи маңызы зор болғандықтан, әшекей бұйымдардың құнын дөп басып айту қиын. Бірақ Bild газетінің жазуынша, 1 миллиард еуроға жуық шығын келген.

«Алтын қор» - Дрезденнің танымал музейлерінің бірі. Оның көрме залдарында үш мыңнан астам жәдігер сақтаулы.

Қазір оқып жатыр

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауына түседі

Аша Матай мен Тамара Асар

Республикалық маңызы бар автожолдың бірінде 10 күнге қозғалыс шектеледі

шектеу

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан мемлекетке 4,7 млрд теңге залал келген

жемқорлық қылмыстары

Euronews арнасы қазақ тілінде жаңалық таратады

Қазақ тілі