Атақты боксшы дүниеден өтті

76 жастағы боксшы, екі дүркін ауыр салмақтағы әлем чемпионы Джордж Форман 2025 жылы 21 наурызда дүние салды.
Алматы, NEGE. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде спортшының туыстары хабарлаған.
«Құдай жолындағы діндар, адал күйеу, жүрегі мейірімге толы әке және ел мақтанышына айналған қария мызғымас сеніммен, кішіпейілділікпен және адалдықпен өмірін сүріп өтті», – делінген қаралы хабарда.
Джордж Форман ауыр салмақта өнер көрсетті, 1968 жылғы Олимпиада чемпионы. WBC, WBA және IBF нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы.
Ол бокс әлеміндегі әйгілі жекпе-жектерінің бірін 1974 жылы аты аңызға айналған Мұхаммед Әлимен өткізді. Олардың рингтегі кездесуі «Джунглидегі дауыл» деп аталды, өйткені титулдық шайқастар тарихында алғаш рет Африка континентінде, Заирде өтті.
Африкалық аптап ыстықта боксшылар 60 мыңнан астам жанкүйердің алдында бірден екі чемпиондық атаққа ие болды. Форман өзінің соңғы күндеріне дейін шіркеуде пастор болып жұмыс істегені белгілі.