Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ата-аналардың 65%-ы  баласының мектепке барғанын қалайды

@ehelpru және @ehelpkz арналарында өткізілген Білім беру саласындағы ахуал бойынша тәуелсіз әлеуметтік зерттеудің нәтижесі жарияланды.

Ата-аналардың 65%-ы  баласының мектепке барғанын қалайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ата-аналардың 65,2%-ы жаңа оқу жылында балалардың мектепте оқығанын қалайды. Қалғаны қашықтан оқу мен аралас форматта оқуды таңдапты. Респонденттердің  88,7%-ы бала қашықтан алған білімді нашар игереді және білім үстіртін беріледі деп санайды. Ата-аналардың көпшілігін бірінші тоқсанда оқудың WhatsApp арқылы берілетіні алаңдатады, себебі мұғалімдер 4-ші тоқсанда өзге құралдармен салыстырғында вотсапты көп қолданған екен. Екінші орында – өзін-өзі оқыту, үшінші орында-телесабақтар.

Қазақстанда "қашықтан оқытуға" негізгі үш кедергі бар: мұғалімдер мен ата-аналардың компьютерлік сауаттылығының аздығы, "қашықтан оқытудың" бірыңғай ережелерінің жоқтығы, сондай-ақ компьютер мен смартфондардың жетіспеушілігі.

Бұдан басқа, біз мектеп пен балабақшаға қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық көрінісі, оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі туралы да сұрадық. Респонденттердің 36,9% -ы жетіспейтін оқулықтарды өздері сатып алатынын айтады. Бұл туралы негізінен, Шымкент, Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындары жиі жазған.

Ал мектепке/балабақшаға қабылдау үшін әрбір 5-ші  респонденттен мектеп не балабақша әкімшілігі пара сұрапты. Бұл негізінен  Алматы қаласы (11,7%), Жамбыл облысы (10,3%) және ШҚО (9,9%) көбірек байқалады.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.