USD
USD
USD

Ата-аналардан мектеп қорына жарна алынуы мүмкін

Қырғызстанның Білім министрлігі ата-аналардың мектептерге қаржылық қолдау көрсету мәселесіне қатысты түсінік берді.

Ата-аналардан мектеп қорына жарна алынуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың 5 тамызында өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Білім министрі Болотбек Купешев «Кактус Медиа» редакциясы журналистерінің мектептер жанындағы ата-ана қорлары туралы сұрағына жауап бере келе, ата-аналар тарапынан енгізілетін біржылдық сумманы белгілеген артық болмас еді деген пікір білдірді.

Оның айтуынша, ата-аналардың ақшасы мектептердің материалдық-техникалық базасын (жөндеу жұмыстары және тағы басқасына) қосымша қолдауға бағытталады. Министрдің бұл сөзі қоғамда қызу талқыға түсуде.

«Осы ретте, министрлік көп жылдар бойы қоғамда қарама-қайшы көзқарас және ата-аналардың кейістігін тудырып келе жатқан мәселені шешу үшін жұмыс тобын құрып отыр. Жұмыс тобының құрамына министрлік қызметкерлері, ата-аналар және азаматтық қоғам өкілдері енетін болады. Олар құқықтық, қаржылық, әлеуметтік және өзге де аспектілерді зерделеп, аталған проблеманы шешу жолдарын ұсынады», - делінген Кабар ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park