USD
USD
USD

Ата-ана мектеп формасын еркін таңдай алады

Елімізде оқушылардың міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіліп, бұйрық жобасы дайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ата-ана мектеп формасын еркін таңдай алады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Жаңа оқу жылына дайындық жаздыгүні басталады. Баланы мектепте дайындауда ата-ананы ойландыратын жайттың бірі — мектеп формасы. Көптеген ата-ана мектеп формасын сапалы әрі қолжетімді бағамен сатып алғысы келеді. Бүгінгі таңда міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіліп, бұйрық жобасы дайындалды. Ата-ана өзі қалаған мектеп формасын еркін таңдай алады. Барлық өңірдегі білім басқармалары мен бөлімдері ата-аналарға мектеп формасын таңдауда бірыңғай түсті ұсынады», - деді Гүлмира Кәрімова ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында.

Оның айтуынша, мектеп формасының бала тәрбиесіне әсері бар. «Мектеп формасына эмблема басқа да мектеп белгілерін жапсыруға болады. Сапалы әрі қолжетімді мектеп формасымен қамтамасыз етудегі жаңа тәсіл оқушылар арасындағы әлеуметтік, мүліктік және өзге де айырмашылықтарды жояды деп есептейміз», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада полиция формасымен видео түсірген блогер Justice Adilet ұсталды

Әділет Қаликеев

Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы көз жұмды

Жедел жәрдем

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ – Энергетика министрлігі

Бензин, дизель

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов