USD
USD
USD

Ата-ана құқығынан айырылатындар көбейген

ҚР ІІМ Ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасы басшысының орынбасары Вадим Яценко бала тәрбиесінде ата-ана міндетін орындамағандар туралы айтты. 

Ата-ана құқығынан айырылатындар көбейген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Полиция өтінішхаты бойынша соттар жыл сайын өздерінің балаларын тәрбиелеуге қатысты міндеттерін орындамағаны үшін бес мыңнан астам ата-ананы әкімшілік жауапқа тартады. Бір мыңға жуығы ата-ана құқығынан айырылады. Осы арқылы біз жасанды түрде елімізде әлеуметтік жетімдік деңгейін көтерудеміз», – деп тоқталды В. Яценко Парламент Мәжілісінде балалар құқығын қорғауға арналған отырыс барысында.

Осы орайда ол балада лайықты тәрбиенің болмауына және оларға қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуына көбіне әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы отбасылық проблемалар себепші екенін атап өтті. Жұмыспен қамтудағы, тұрмыстық проблемаларды шешудегі, медициналық-психологиялық қолдаудағы кешенді көмекті уақытылы іске асыру - тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандар мен қиын жағдайдағы отбасыларды тиімді оңалтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, В. Яценко балалардың проблемасымен айналысатын полиция мен басқа да ведомстволардың жауапкершілік аймағы бөлініп, жіктелгенін жеткізді.

Психологиялық, медициналық, әлеуметтік көмек көрсету үшін есепке алудың жаңа жүйесін барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. «Полицияның аумақтық органдары әкімдіктерге ведомстволық есепте тұрған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардың тізімін жіберді. Бүгінде полиция органдарында тұрмысы төмен 8 мыңнан астам отбасы, кәмелетке толмаған 6 мыңнан астамы профилактикалық есепте тұр», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский