USD
USD
USD

Ата-аналардың арызынан кейін YaYa басшысына елден шығуға тыйым салынды

Жабылуға мәжбүр болған YaYa сервисінің  басшысы Лаура Ералиева өзінің шоты бұғатталса да, ата-аналардың қаражатын қайтарып беретінін мәлімдеді.

Hub
Фото: Nege.kz

Астана, NEGE. Астанада YaYa білім беру жобасынан зардап шеккен ата-аналар Astana Hub ғимаратына жиналды. Олардың айтуынша, жоба жабылатыны туралы ресми хабар тарағаннан кейін алаңдаушылық күшейген. Көпшілігі балаларын түрлі үйірмелерге беру үшін несие рәсімдеп, компанияға алдын ала бір жылдық абонемент құнын төлеген. Алайда қызмет толық көрсетілмегендіктен, ата-аналар қаражатты қайтаруды талап етіп отыр.

Зардап шеккендердің бірі Көркем есімді келіншек 500 мың теңге төлегенін, алайда компания тек 30% ғана қайтаруды ұсынғанын айтты. Оның сөзінше, көптеген ата-анаға солай өтемақының тек жартысын қайтаратынын хабарлаған.

Мұнымен келіспегендер толық соманы қайтаруды талап етіп, құзырлы органдарға арыз жазып, қылмыстық іс қозғатқан.

Ата-аналардың шағымынан кейін YaYa басшысының банк шоттары бұғатталып, оған елден шығуға уақытша тыйым салынғаны белгілі болды.

«Қаражаттың қайтарылатынына сенім аз. Өйткені ата-аналар құзырлы органдарға арыз жазып, қылмыстық іс қозғалды. Соның салдарынан Лаураның шоттары бұғатталған, өзіне елден шығуға тыйым салынған», – дейді Көркем Ж.

Hub
Nege.kz

Компания басшысы Лаура Ералиева ата-аналардың жаппай арызынан кейін өзіне қатысты шектеу шаралары қолданылғанын растады. Оның айтуынша, тергеу аясында есепшоттарға бұғат қою туралы шешім қабылданып, елден шығуға уақытша тыйым салынған.

«Иә, ата-аналар алаңдап, құзырлы органдарға арыз жазды. Ол кісілерді түсінемін. Қаражатын күтіп отырған адамдар көп, ұзақ күткені үшін алаңдады. Қазір жағдай осылай. Енді бүгін Kaspi шоттары бар ата-аналарға қаражаты аударылады. Ал қалған банк шоттарына бүгін жіберілмейді. Өйткені мендегі басқа шоттар бұғаттаулы», – деді YaYa жобасының негізін қалаушы Лаура Ералиева.

Ералиеваның сөзінше, тек Kaspi шоты бұғатталмаған. Сондықтан бүгін осы банкте шоттары бар ата-аналарға берешек толық өтеледі. Ал басқа банк шоттарына қаражат алдағы уақытта жіберіледі. Ақпан айының соңына дейін барлық шағымданушыға ақшаларын қайтарып, дауға нүкте қоймақ. 

Hub
Nege.kz

Осыдан кейін ол қалыптасқан ахуалға кеңірек тоқталды. Жоба бастапқы кезеңде абонементтерді бір жылға алдын ала сату моделін таңдаған. Алайда инфляция деңгейі, доллар бағамының құбылуы және қосылған құн салығының жүктемесі есепке алынбаған. Соның нәтижесінде серіктес үйірмелерге төленетін нақты шығын көлемі жоспарланғаннан әлдеқайда жоғары болып шықты.

Ата-аналармен жасалған келісімшарттарда баға бекітілгендіктен, қосымша төлем талап ету мүмкін болмаған. Компания белгілі бір уақытқа дейін есеп айырмасын өз қаражаты есебінен жауып келген, бірақ бұл қаржы тапшылығына әкелген.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум