USD
USD
USD

Ата-аналар «Келешек» жүйесі арқылы балаларының оқуына ақша жинай алады

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив істері салаларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Депозит
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заң жобасында Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын іске асыру аясында әзірленген «Келешек» біріңғай жинақтау жүйесінің қызметін құқықтық реттеуді көздейтін нормалар қарастырылған.

«Келешектің» негізгі моделі Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қолданыстағы тұғырнамасы аясында жүзеге асырылатын болады. Әрбір ата-ананың кез келген банкте немесе өмірді сақтандыру компаниясында кез келген жастағы баласының атына шот ашуға құқығы бар.

5 жасқа толған балалардың шотына мемлекет бюджеттен 60 АЕК, жетім балаларға 120 АЕК мөлшерінде біржолғы бастапқы білім беру капиталын береді. Ата-аналар үшін баланың шотына жыл сайынғы ең төменгі жарна талаптары бар. Ол әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін – 12 АЕК және қалғандарына – 24 АЕК. Жинақ барлық бала үшін 5 пайыз, әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін 7 пайыз.

Сондай-ақ банктің немесе сақтандыру компаниясының белгіленген табыс көлемі үшін жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы алады. Ең төменгі жылдық жарнаға қойылатын талаптар бұзылған жағдайда бастапқы білім беру капиталы бюджетке қайтарылуы тиіс. Жиналған қаражатты Қазақстандағы немесе шетелдегі колледждер мен университеттерде оқуға жұмсауға болады.

Егер сіз мемлекеттік білім грантын алсаңыз, жинақталған қаражатты басқа білім деңгейін алуға, ақшаны үшінші тұлғаның депозитіне/сақтандыру шартына аударуға, білім туралы құжатты ұсынған кезде капиталдандырылған сыйақымен қаражат алуға немесе қаражатты заңнамаға сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.