USD
USD
USD

Асу Алмабаевтың жекпе-жегі ресми жарияланды

UFC қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (21-2) аустралиялық Стив Эрцегке (12-3) қарсы жекпе-жегінің уақытын жариялады. 

Жекпе-жек
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы 1bol.kz. хабарлады. Асу Алмабаев пен Стив Эрцег 1 наурыз күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 253 турнирінде кездеседі. «Наурыз айы керемет кешпен басталады», – деп жазды UFC.

Алмабаев UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде сегізінші орында, ал Эрцег тоғызыншы орынға жайғасқан. Асу үшін бұл UFC-дегі бесінші кездесу болмақ (4 жеңіс, 0 жеңіліс), ал оның қарсыласы үшін алтыншы жекпе-жек (3 жеңіс, 2 жеңіліс).

Еске сала кетсек, Стив Эрцег UFC-дегі соңғы екі жекпе-жегінде жеңіліске ұшыраған. 2024 жылдың мамыр айында ол бразилиялық Алешандре Пантожаға (29-5) төрешілер шешімімен есе жіберсе, тамыз айында жаңазеландиялық Кай Кара-Франстан (25-11) нокаутпен ұтылды.

Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін 2023 жылдың тамыз айында Одди Осборнды сабмишн әдісімен жеңіп бастады, ал 2024 жылы СиДжей Вергараны, Хосе Джонсонды және Матеус Николауды төрешілер шешімімен бірінен соң бірін жеңді.

30 жастағы қазақстандық спортшы ММА-да қатарынан 17 рет жеңіске жетіп келеді. Николауды жеңгеннен кейін бірден жеті сатыға көтеріліп, UFC-дің үздік 7 файтерінің қатарына кірді, бірақ қазір жеңіл салмақта UFC рейтингінде сегізінші орынға тұрақтаған.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей