USD
USD
USD

Асу Алмабаев UFC-де төрт мәрте жеңіске жетті

Аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.

Аралас жекпе-жек
Фото: Sports.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) Лас-Вегаста өткен (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Асу Алмабаев UFC рейтінгінде ең жеңіл салмақ бойынша 7-ші орында тұрған (Асу Алмабаевтың өзі 14-ші орында тұр) бразилиялық Матеус Николауға (19-4-1) қарсы шықты. Кездесу үш раундтқа есептелген болатын. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Асу жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Матеус Николау жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұл Асудің UFC-дегі төртінші кездесуі. Осыған байланысты қазір файтердің рекорды 4-0 болып отыр. Ал қазақстандық спортшының қарсыласы оныншы кездесуін өткізіп, рекорды 6-4 болды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық