USD
USD
USD

Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет жеңіліп қалды

 Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2-0) UFC-де алғаш рет жеңіліс тапты.  

Файтер
Фото: UFC.com

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFCVegas 103 кешінің басты жепе-жегінде португалиялық файтер Манель Капемен (20-7-0) айқасты.

Бес раундқа жоспарланған айқас, үшінші раундтың ортасында аяқталды. Асу қарсыластың ауыр соққысына төтеп бере алмай, октагонды айнала жүгірді. Осы кезде, төреші жекпе-жек аяқталды деп жариялады.

Осылайша, қазақстандық файтер UFC-дегі бесінші жекпе-жегін сәтсіз аяқтады. Ол осыған дейін қатарынан төрт рет жеңіске жеткен болатын.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы