USD
USD
USD

AstraZeneca вакцинасының тиімділігі күмән туғызды

 AstraZeneca компаниясының өкілдері вакцинасын егде жастағы кісілерге қолдану тиімсіз деген ақпаратты теріске шығарды. 

AstraZeneca вакцинасының тиімділігі күмән туғызды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Жазбаша түрде берген жауабында препаратының төмен тиімділігі жөнінде мәлімет шындыққа мүлдем сай келмейтіні айтылған. Ұлыбритания билігі бұл вакцинаны қарт адамдарға егуін құптағанын мәлімдеген. Таяуда Германияның кей ақпарат құралдары жасы 65-тен асқан адамдарда бұл препараттың тиімділігі тек 8%-тен аспағанын хабарлады. Еуроодақ бұл компаниядан вакцинаның 100 миллион данасын сатып алу жөнінде келісім жасасқан еді. Алайда өндірісінде туындаған мәселелерге байланысты мөлшердің тек жартысымен ғана қамти алады деген болжам айтылды. Стелла Кириакидес, Денсаулық сақтау істері бойынша ЕО комиссары: - Вакцина экспортына қатысты айқын ақпарат алғымыз келеді. Болашақта ковидке қарсы вакцина шығаратын Еуроодақтағы барлық компаниялар оны өзге елдерге экспортқа шығаратыны туралы алдын ала мәлімдеуі тиіс. 

Қазір оқып жатыр

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы