USD
USD
USD

«AstraZeneca» екпесі қанды ұйытатыны расталды

 Германия мен Норвегияда «AstraZeneca» вакцинасы қанды ұйытады» деген күдік  расталды.

«AstraZeneca» екпесі қанды ұйытатыны расталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Неміс елінің Ауруларды бақылау агенттігі осы екпені салдырған 42 адамды зерттеп, олардың қаны қоюланғанын анықтаған. Сондықтан Германия билігі«AstraZeneca»-ны жасы 60-қа толмаған азаматтарға салмау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Норвегияның мемлекеттік ақпарат құралы медициналық зерттеу нәтижесінде коронавирусқа қарсы егілген 5 адамның қаны ұйып, тромбоциттер табылғанын мәлімдеді. Бұл елде осындай күдік туғалы «AstraZeneca»-ны салуды өткен айда-ақ тоқтатып тастаған болатын.

Сучжоу Университетінің профессоры Гао Жикай: «AstraZeneca» компаниясы осы вакцинаны өте қысқа мерзімде қолданысқа жіберді. Бұл қиын жұмыс. Оны бағалаған дұрыс. Екіншіден, қазір нарықта әртүрлі вакциналар бар, бірақ олар өте аз. Сондықтан бәрімізге әлі де қыруар жұмыс атқару қажет. Осы тұрғыда  «AstraZeneca» өз вакцинасын жақсартуы керек» деді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер