USD
USD
USD

Астрахандық дәрігелер көмекке келмек

Атырауға келетін астрахандық дәрігерлер Ресей үкіметінің қаулысын күтіп отыр. 

Астрахандық дәрігелер көмекке келмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті.

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен аптада Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен медицина қызметкерлерін шақыру туралы келісімге келген болатын. Астрахан дәрігерлерін жалақымен, жатын орынмен, тамақпен қамту, жүріп-тұру мәселелері толық шешілді. Оларды күтіп отырмыз», – деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуына қарағанда, астрахандық дәрігерлермен күнделікті келіссөз жүргізіліп жатыр. Олар Атырауға келуге дайын. Тек Ресей Федерациясы үкіметінің арнайы қаулысы шығуы керек.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов