USD
USD
USD

Астықтың сапасын анықтайтын компонент ойлап тапты

Қазақстан ғалымдар бидай дәнінің өнуін тексеруге арналған жоғары дәлдіктегі компоненттерге қол жеткізді.

Астықтың сапасын анықтайтын компонент ойлап тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының дәнді дақылдар биохимиясы зертханасында бір топ ғалым биология ғылымдарының кандидаты Айдар Хәкімжановтың жетекшілігімен биохимиялық әдістердің көмегімен бидай дәніндегі ең қызғылықты ферменттердің бірі - альфа-амилазаны зерттеу бойынша эксперименттер жүргізді. Аталған фермент мөлшерін стандартты сараптамалық әдістермен өлшеу өте қиын, бірақ бұл астықтың өну жағдайының маңызды көрсеткіші саналады», - деді Ғылым комитетінің баспасөз қызметі.

Ғалымдар альфа-амилаза ферментінің бір түрін мұқият зерттеп, одан жоғары дәрежелі антиденелер алған. Олардың негізінде альфа-амилаза мөлшерін дәл анықтайтын жоғары сезімтал иммунотестер жасалды. Дәндегі фермент мөлшерінің көрсеткіші денсаулыққа зиянды, тамақтануға жарамсыз шала піскен өнімдерді болдырмау үшін нанды пісіргенге дейінгі ұнның сапасын бағалауға, сондай-ақ бидайдың жаңа сорттарын шығару кезіндегі сұрыптамалық процесті жүргізу үшін қажетті астықтың сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы