USD
USD
USD

Астық ұрлығының сегіз дерегі әшкереленді

12 қыркүйектен бастап еліміздің алты өңірінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ауыл шаруашылығы өнімдерін ұрлаудың алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ биылғы жылғы егіннің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "Егін" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Іс-шараға полиция қызметкері жұмылдырылып, тәулік бойы кезекшілік атқаратын 55 жылжымалы топ құрылған. Полиция өкілдері шамамен 2 мыңға жуық астық сақтау және өңдеу нысандарын, сондай-ақ егін жинау жұмыстарына тартылған 1100-ден астам көлік пен арнайы техниканы тексерді.

Тексеру нәтижесінде жаңа өнімді ұрлаудың 8 дерегі анықталды. Тәркіленген мүліктің жалпы көлемі — 141 тоннадан астам ұрланған астық, 175 келіге жуық басқа дәнді дақылдар, егіс алқаптарынан ұрланған 200 литрден астам жанармай және ауыл шаруашылығы техникасына тиесілі 15 қосалқы бөлшек анықталды. Сонымен қатар төрт қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесіліп, 18 адам ұсталды.

Полиция бұл бағыттағы шараларды жалғастырып жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сақталуына бақылау егін жинау науқаны толық аяқталғанға дейін күшейтілмек.

Қазір оқып жатыр

«Кітап оқитын ұлт» жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды

"Кітап оқитын ұлт" жобасы

Әр адамға кемінде 15 шаршы метр: Алматыда тіркеу бойынша жаңа шектеу енгізілді

тұрғын үйге тіркеу

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті

Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Әбдіров, Смайылов, Әзімова