USD
USD
USD

Астана-Новосибирск рейстері уақытша тоқтатылды

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 30 қазандағы Астана – Новосибирск бағытындағы рейстің тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

Астана-Новосибирск рейстері уақытша тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының Астана – Новосибирск, Өскемен – Новосибирск бағыттары бойынша халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстер уақытша тоқтатылды.

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев