USD
USD
USD

Астананың полицейлері қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшті

Әлемдік діндер көшбасшыларының Съезін өткізу кезеңінде астананың полицейлері қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астананың полицейлері қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Eлорда жолдарындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін тиісті қамтамасыз ету, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі кезеңінде құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында елордалық полицияның жеке құрамы 13 қыркүйектен бастап күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды. Қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген қонақтардың келуіне байланысты қоғамдық орындарда, көшелерде, сондай-ақ мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды.

“Биылғы жылдың 13-15 қыркүйек аралығында съезді өткізу аясында Рим Папасының келуі күтілуде. Делегация экскорт мотоциклшілермен бірге жүретіндіктен, ресми қорғалатын колоннаның өту кезеңінде қозғалыс 3-5 минутқа шектеледі. Негізінен, бұл Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел және Қонаев даңғылы”, – деді қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

14 қыркүйек күні өтетін “мессаға” қатысушылардың еріктілерімен және алып жүрушілермен бірге жүріп-тұруы үшін арнайы автобустар ұйымдастырылды. Сонымен қатар елордаға мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Делегация экскорт мотоциклдеріне ілесіп жүреді. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындардан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу

Аида Балаева Президентке халықтың тұрмыс сапасы жөнінде есеп берді

Тоқаев, Балаева

Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның сотында журналистерді сыртынан қамап қойған

Әділетхан Молдахан