16 Маусым 19:21
...

Астананың Байқоңыр ауданында көгалдандыру аясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр

Фото:

Астананың Байқоңыр ауданында көгалдандыру аясында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. Президент қала жұртшылығының пікірін ескере отырып, елорданы жоспарлы түрде одан әрі дамыту және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырған болатын. 

Аулаларды абаттандыру кезінде Президенттің тапсырмасы бойынша көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінгі таңда ауданды көгалдандыру жұмыстары аясында:

– Кенесары көшесі, 73,77 үйлерінің жанындағы скверде тамшылатып суару құрылғысын орнату;

– А. Бараев көшесі,12 үйінің жанындағы шағын альпі төбесінде көпжылдық гүлдер отырғызу;

–  Ш.Уәлиханов көшесі бойында бұталар мен жасыл желектерді кесу және қалыптастыру;

– Республика даңғылының бойындағы ағаш діңінің тесіктеріне гүл отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, басқа аумақтарда да жергілікті суару жүйесін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және ауданның барлық аумағындағы жасыл желектерді күнделікті суару жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, бүгінде «Байқоңыр» ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жүйелі жұмысы қарқын алуда. Онда келуші зейнеткерлердің де қарасы қалың. Орталық елордамыздың зейнет жасындағы азаматтарының уақытын тиімді өткізуіне бағытталған.

15 маусым күні «Байқоңыр» ауданындағы Ұстаздар саябағында Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері Орталықпен таныстыру презентациясын өткізді.

Таныстыру барысында Емдік дене шынықтыру жаттығулары, тыныс алу гимнастикасы Цигун, йога, шахмат, тоғызқұмалақ, сурет салу үйірмелелерінен шағын қойылымдар болды. Шараның мақсаты - Астана қаласының зейнеткерлерінің уақытын тиімді өткізу, әлеуметтендіру.

Тегтер: