USD
USD
USD

Астананың жылу, электр және су желілері 4,5 млрд теңгеден астам қаржыға жаңартылмақ

Астанада жылу және электр желілері нысандарын жаңарту бойынша бірнеше жобаны қатар іске асыру басталды, жоба құны 4,5 млрд теңгеден асады. 

Жөндеу жұмысы
Фото: ЭКСЖ/Жасанды интеллект

Астана, NEGE. Бұл жөнінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы жобалық кеңсесі хабарлады.

Жұмыстар коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға және елорданың инфрақұрылымдық дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Астана-Теплотранзит» АҚ жалпы құны 870 млн теңге болатын екі жобаны іске асыруға кірісіп кеткен.

«Жылыту маусымы басталғанға дейін Қ.Мұхамедханов көшесінің бойындағы ұзындығы 492 метр болатын диаметрі 400 мм жылу трассасының құрылысын аяқтау жоспарланған. Нысан қаланың қарқынды бой көтеріп келе жатқан ауданында орналасқан. Онда инженерлік желілерге жүктеменің өсуі байқалады. Жылу магистралінің іске қосылуы жаңа кварталдардың тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз етеді», – делінген хабарламада.

Екінші нысанда ұзындығы 347 метр болатын ЖМ-12 жылу трассасының бөлігі жөнделіп жатыр. Бұл жаңарту жұмыстары желілердің тозуын азайтып, қысқы аязда қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек

Ал «Астана-ӨЭК» акционерлік қоғамы арқылы электр тарату желілерін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жобаның бірінші кезеңінде 1,4 миллиард теңгеге 7,08 шақырым желіні жаңарту жоспарланған. Бұған қоса, төртінші кезең аясында құны 200 миллион теңге болатын тағы 9,59 шақырым электр желісі жөнделеді.

«Сумен жабдықтау саласы бойынша "Астана су арнасы" МКК Досмұхамедұлы көшесінің бойымен, Ақжол көшесінен Алаш даңғылына дейінгі аралықта техникалық су құбырын жөндеуге кірісті. Құны 2,47 миллиард теңге болатын бұл жоба аясында 3 шақырымнан астам су желісі жаңартылады. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін елорданың осы ауданындағы негізгі инфрақұрылымның жағдайы жақсарады», – деп хабарлады ЭКСЖ өкілдері.

Бұл жобаларды іске асыру Астананың коммуналдық жүйелерін тұрақтандыруға, апаттардың алдын алуға және қала тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы республика бойынша 2029 жылға дейін іске асырылады. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 40%-ға дейін төмендетуге және апат қаупін 20%-ға қысқартуға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жауапты болған Наиль Нұров қамауға алынды

Наиль Нұров

«Челсиге» ауысатын Дастан Сәтпаев 17 маусымда «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізеді

Дастан Сәтпаев

Базарлық мөлшерлеменің төмендеуі депозиттегі жинаққа қалай әсер етеді?

әлеуметтік төлем

Air Astana 20 маусымнан бастап Дубайға әуе рейстерін қайта жандандырады

Air Astana