USD
USD
USD

Астананың Триатлон саябағында көгалды өртеді деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды

Бүгін, 17 маусым күні Астананың Алматы ауданында орналасқан Триатлон саябағында таңертеңгі уақытта өрт шықты. Қалалық полиция департаменті көгалға өрт қойған деген күдікпен кәмелетке толмаған төрт баланың ұсталғанын хабарлады.

Триатлон саябағы
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/astanagramlive

Астана, NEGE. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. Бейнежазбадан балалар алаңының қызыл жалын мен қою қара түтінге оранғанын байқауға болады. Куәгерлер өртті өз күшімен сөндірмек болған, алайда одан ештеңе шықпаған.

Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлері 25 шаршы метр аумақтағы өртті тезара сөндіріп, өрттен ешкім зардап шекпегенін хабарлады. 

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, таңертең ерте уақытта саябақ аумағында жүрген төрт жасөспірім көгалға әдейі өртеген.

«Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, олар полиция бөліміне жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған қоса жасөспірімдердің ата-аналары да жауапкершілікке тартылатыны мәлім болды. 

«Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам