USD
USD
USD

Астананың бас имамы өзін сарайда тұратынын айтып, жалған ақпарат таратқан адамды сотқа берді

Астанадағы әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаланың бас имамына әлеуметтік желіде жала жабу дерегі бойынша істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерболат Жүсіпов
Фото: muslim.kz

Алматы, NEGE. Елордалық соттың хабарлауынша, құқық бұзушы әлеуметтік желіде зәулім үйді көрсеткен видеоны жариялап, оның тұрғындардың қайырымдылық қаражатына салынғанын және Астананың бас имамына тиесілі екенін айтқан.

«Осылайша ол әлеуметтік желілерде басқа тұлғаның ар-намысына нұқсан келтіретін, беделіне күйе жағып жалған ақпарат таратқан. Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің кімге тиесілі екенін, оның қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін түсіндірді, видеоны қаралым үшін жариялағанын айтты», – деді сот.

Жәбірленуші оның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін, беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқандықтан, құқық бұзушыны заң бойынша жазалауды сұрады.

«Құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазба және жәбірленушінің арызымен расталады», – деп атап өтті сот.

Сот шешімімен ер адам жала жапқаны үшін кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

2025 жылдың 3 ақпанында әлеуметтік желілерде Астананың бас имамы Ерболат Жүсіповке тиесілі делінетін сарай мен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті бейнеленген видео тараған болатын. Жүсіпов бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.