USD
USD
USD

Астаналықтардың 70% - ға жуығы КВИ-ға қарсы толық екпе алды

Елорда тұрғындарының 69,5% - ы КВИ-ға қарсы толық иммундаудан өтті. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Нұр-Сұлтандағы 711 мың қала тұрғыны бар контингенттің 496 мыңнан астамы екі компонентпен вакцинацияланған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналықтардың 70% - ға жуығы КВИ-ға қарсы толық екпе алды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жаппай вакцинация басталғаннан бері қала бойынша адамдардың көпшілігі "Спутник-V" препаратымен егілді - 344 мыңнан астам адам. Pfizer вакцинацияланғандар арасында 18 жасқа дейінгі 11 мыңнан астам оқушы көш бастап тұр. Одан кейін бала емізетін аналар – 7 мың әйел белсенділік танытты.

Сондай-ақ, Қалалық денсаулық сақтау басқармасы ДДСҰ мақұлдаған вакциналарды ала алатындардың тізімін кеңейту арқасында вакцинацияланғысы келетіндер саны әлдеқайда көп болғанын атап өтті.

Ведомствода ковидтік стационарлардағы жағдай туралы ақпарат берілді. Бүгінгі күні қала бойынша 23 науқас ауырлығы орташа КВИ-мен емделуде. Бұл негізінен басқа қатар жүретін аурулары бар адамдар. Сондай – ақ, коронавируспен ауыратын амбулаториялық науқастар саны азайды-қала бойынша барлығы 5 пациент.

Басқармада сырқаттанушылықты төмендету бойынша оң деректер азаматтардың вакцинацияның толық курсынан өтуімен тікелей байланысты екенін, соның арқасында ұжымдық иммунитет қалыптасқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.