USD
USD
USD

Астаналықтар жаңа туған нәрестелеріне қандай есімдер қояды?

Осы жылдың 11 айында Нұр-Сұлтанда 32 146 бала өзінің алғашқы құжаты – туу туралы куәлігін алды.

Астаналықтар жаңа туған нәрестелеріне қандай есімдер қояды?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 мыңға көп, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 Аудандар әкімдіктерінің АХАТ бөлімдерінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 30 қарашасына дейін елордада 32 146 бала туу туралы куәлік алды. 2020 жылдың сәйкес кезеңінде қалада 29 083 сәби дүниеге келді.

Биыл Нұр-Сұлтандағы ең танымал есім Айлин болды. Жаңа туған 437 қыз осы есіммен аталды. Екінші орында – Медина, бұл есім 414 сәбиге берілді. Қыз балаларға көп қойылатын ТОП-15 есім қатарына, сондай-ақ Айша, Әмина, Томирис, Аяла, Айзере, Раяна, Сафия, Асылым, Айару, Мәриям, Айым, Айша, Зере кірді.

2021 жылы ұлдар арасында көбіне 360 бала Әлихан есімімен аталған. ТОП-15 құрамына Әмір, Алан, Әли, Алдияр, Арлан, Омар, Альтаир, Айсұлтан, Санжар, Ибрахим, Ислам, Рамазан, Ерасыл, Арсен сияқты есімдер кірді.

Мәліметке сәйкес, биыл қалада некені ресми тіркеген жаңа отбасылар саны да өсті. Сонымен, көрсетілген кезеңде 11 289 жұп отбасын құрды. 2020 жылы 9 571 неке тіркелді.

«Сарапшылардың айтуынша, қазір азаматтар некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды. Бүгінгі таңда жас жұбайлардың орташа жасы 26-28 жасты құрайды, ал 4-5 жыл бұрын ол 22-23 жасты құраған. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге ересектер де - 50-60 және тіпті 70 жастағылар да некелесіп жатады», - делінген әкімдік сайтында.

 

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан