USD
USD
USD

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Астанадағы бірнеше тұрғын үй кешенінің тұрғындары №2 қалалық көпсалалы аурухананың маңында «BAYYAN» тұрғын үй кешенінің салынуына қарсы шығып, құрылысты тоқтатуды талап еткен петиция жариялады.

.
Фото: gosrating.com

Астана, NEGE. Өтініш авторлары жаңа жоба қаладағы көлік кептелісін күшейтіп, инженерлік инфрақұрылымға салмақ түсіріп, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын төмендетеді деп есептейді.

Петицияға Expo Avenue, Nexpo City, Nexpo Classic және Nexpo Global-1 тұрғын үй кешендерінің тұрғындары, сондай-ақ №2 қалалық көпсалалы аурухананың, №3 көпсалалы балалар ауруханасының және Prime Green Clinic медицина орталығының қызметкерлері қол қойған.

Өтініш авторларының айтуынша, басты мәселе – болашақ тұрғын үй кешенінің ауруханаға тым жақын жерде салынуы. Олардың сөзінше, бұл жолмен жедел жәрдем көліктері тұрақты қатынайды. Ал жаңа тұрғын үй салынғаннан кейін көбейетін көлік ағыны кептеліс туғызып, дәрігерлердің науқастарды дер кезінде жеткізуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Тұрғындар жаңа тұрғын үй кешені салынса, ауданның су, жылу және электр желілеріне түсетін жүктеме тым артып кетуі мүмкін деп алаңдайды. Олардың айтуынша, қазірдің өзінде жүктемесі көп инженерлік жүйелерге тағы бір үлкен тұрғын үй кешенін қосу ауруханалар мен басқа да нысандардың жұмысына кері әсер етуі ықтимал.

Сондай-ақ петиция авторлары ауданда мектеп пен балабақша жетіспейтінін айтты. Олар қазіргі білім беру мекемелері шамадан тыс толып тұрғанын, соған қарамастан жаңа әлеуметтік нысандардың орнына тұрғын үйлер салынып жатқанын сынға алды.

Петиция авторлары құрылысқа берілген рұқсатты тоқтатуды, аурухана маңындағы көлік қозғалысына тәуелсіз сараптама жүргізуді және бұл жерге тұрғын үй емес, қоғамдық нысан салуды талап етті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды

Сталкинг