USD
USD
USD

Астаналық жігіт TikTok-тағы видеосы үшін жазаланды

Астаналық жігіт TikTok әлеуметтік желісінде тараған қауіпті трендке қатысты. Оның қарсы бағытқа шығып кеткен видеосы полицейлердің қолына түсті, деп хабарлайды Tengrinews.

Астаналық жігіт TikTok-тағы видеосы үшін жазаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Видеоны 2 қыркүйекте TikTok қолданушысы жариялаған. Автор видеоны монтаждап, оған өлең қосқан. Артынша видео әлеуметтік желіден өшіп кеткен.

"Іздестіру шаралары барысында оқиға 28 тамыз сағат 23:47-де Республика даңғылы, Самал шағынауданына қарама-қарсы жерде болғанын анықталды. "ВАЗ 21102" маркалы көлік қарсы бағытқа шығып, жолдағы басқа адамдарға қауіп төндірді", - дейді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Көлікті 1999 жылғы жас жігіт тізгіндеген. 

"Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 2-бөлігі, 596-бабының 3-бөлігі, 606-бабының 1-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды", - деп түсіндірді елордалық полиция өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық

ҚМГ: АИ-95 пен АИ-98 өндірісінде ақау анықталған жоқ

бензин экспорты

Индустриялық аймақтар Alatau City-дің бірыңғай экономикалық жүйесіне біріктіріледі

Дөңгелек үстел қатысушылары

130 мың тонна астық қазақстандық өнім ретінде экспортталған: мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келді

Астық