USD
USD
USD

Астаналық жас таэквондист Мексикада әлем чемпионы атанды

Мексиканың Мазатлан қаласында мектеп оқушылары арасында таэквондодан алғашқы әлем чемпионаты өтті. Астанадан барған жас спортшы турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық жас таэквондист Мексикада әлем чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Турнир маусым айының соңында өтті, оған әлемнің 14 елінен келген оқушылар қатысты.

Қазақстан құрама командасына «King Club Astana» және «Legion» отандық таеквондо клубтарының үздік өкілдері кірді.

Жарыстың бірінші күні Астана қаласының «Нұр-Орда» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Аятжан Әмірханов (жаттықтырушылары – Арал Садықов, Динара Қабдулова) 12 жасқа дейінгі топта 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына ие болды.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы Тайвань мен Бразилия құрамаларынан кейінгі үшінші командалық орынға жайғасты.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet