Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астаналық полицейлер кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді

Елорда полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады.

Астаналық полицейлер кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған азамат 31 жастағы астаналық тұрғынды өлтірді деп айыпталып отыр.

«2017 жылдың желтоқсан айында марқұм дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Қылмыс түнгі клубтағы төбелес кезінде жасалғаны анықталды. Күдікті ойын-сауық мекемесінде сағат 05.30-да жәбірленушіні пышатап, қашып кеткен. Осы уақыттан бастап ол Ресей аумағында және Қазақстанның шалғай аймақтарында жасырынып жүрді. Күдікті Нұр-Сұлтанда ұсталды», -деп жазады полицияның баспасөз қызметі.

Күдіктіні ұстау операциясы Қабанбай батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерде өткен. Бұрын да сотты болған 41 жастағы күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА