Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астаналық мұғалімдерге жасыл түсті қойын дәптер мен қалам ұстау міндеттелді

Ашхабад қаласының орта мектептерінің мұғалімдеріне жасыл түсті қойын дәптер мен қалам алып жүру міндеттелген. Бұл туралы «Азатлык» радиосы хабарлады

Астаналық мұғалімдерге жасыл түсті қойын дәптер мен қалам ұстау міндеттелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Радионың дерегінше, №2, 4 және 7-мектептің мұғалімдеріне түркімен кілемінің оюлары бар бес қаламнан және жасыл түсті бір қойын дәптер сатып алу жүктелген. Түсі бірдей қойын дәптер мен қалам мұғалімдерге жиналыс кезінде керек тұстарын түртіп алуға керек деп түсіндірілген.

Түркіменстанның тапсырысымен Ресей, Қытай және Түркияда жасалатын мұндай қаламдар елде қымбат тұрады екен.

Ақ және жасыл түстер түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің сүйікті түстері саналады. Президентке гүлді жасыл орамада сыйлайды, ол жасыл түсті спорт костюмін киеді және жасыл велосипед тебеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА