USD
USD
USD

Астаналық қарияның гаражынан құнды зат ұрлаған күдіктілер ұсталды

Астаналық қарттың гаражынан құнды зат ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық қарияның гаражынан құнды зат ұрлаған күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға қаланың 64 жастағы қарт тұрғыны арызбен жүгініп, өзіне тиесілі гараждан құнды затының ұрланғанын хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері сол аумақтың 34 және 31 жастағы азаматтарын күдікті деп ұстады.

Аталған ер азаматтар тергеп-тексеру барысында қарт адамның жеке мүліктері сақталған гаражға есігін бұзып кіріп, құны 100 мың теңгеге бағаланатын темір есікті ұрлап шыққаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалып, заттай айғақтар тәркіленді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс