Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астаналық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратты

Аязға және ауа райының нашарлауына байланысты елордалық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратты. Олар аялдама кешендерін аралап, кондукторларға, жүргізушілер мен жолаушыларға тәтті-дәмділер ұсынды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратты
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау. Мәселен, аязды күндері еріктілер өтіп бара жатқан адамдарға ыстық шай мен бауырсақ ұсынды.

«Қазір қалада аяз күшейіп тұр. Мектептердегі сабақтар тоқтатылды. Осындай игі әрекеттермен біз айналамызда жылы, достық қарым-қатынас орнатамыз, жастарға қайырымдылықты насихаттаймыз. Акция қыс бойы өткізілетін болады, біз барлығын қосылуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырамыз», – деді Айзат Әли.

Еріктілер сонымен қатар автокөлік иелерін кішкентай балалары бар әйелдерді тегін тасымалдауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық